Қазақстан теннис құрамасы Астанада өткен Кубок Дэвисінің Екінші әлемдік тобы аясындағы кездесуде Таиланд құрамасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қарсыластар арасындағы жалпы есеп 2:2 болып тұрған кезде шешуші матчта қазақстандық Тимофей Скатов Таиланд өкілі Максимус Джонспен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты ойында Скатов 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық теннисші ұлттық құрамаға шешуші үшінші ұпайды әкелді.
Бұған дейін Александр Шевченко Максимус Джонсты, ал Тимофей Скатов Касидит Самрейді жеңген еді. Кейін Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев жұбы тайландтық теннисшілерге жол берді. Төртінші кездесуде Шевченко Самрейден жеңіліп, жалпы есеп 2:2-ге теңесті.
Нәтижесінде Қазақстан Таиландты 3:2 есебімен жеңіп, 2027 жылғы Кубок Дэвисінің Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
