Алматыда №201 бағыттағы автобус пен Toyota Highlander көлігі соқтығысып, тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты Төле би даңғылы мен Жұмалиев көшесінің қиылысында болған.
Алматы қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, автобус Төле би даңғылымен батыс бағытта, ал Toyota Жұмалиев көшесімен оңтүстік бағытта қозғалған. Көліктер жол қиылысында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автобус бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өтіп кетуі мүмкін.
Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы мен патрульдік полиция экипаждары келді. Полиция қажетті сараптамалар, оның ішінде автотехникалық сараптама тағайындалғанын хабарлады.
Мамандар жол апатының нақты мән-жайын және оған қатысушылардың жауапкершілік деңгейін анықтайды.
