G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандықтар Лаос құрамасымен ойнады.
Қазақстан ерлер құрамасы Азиада-2026 ойындарының плей-офф кезеңіне шықты
Фото: ҚР ҰОК
208
оқылды

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық турнирдің топтық кезеңіндегі жарысын аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандықтар Лаос құрамасымен ойнады. Ойын 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан Бангладешті 3:0, Сингапурды 3:1 есебімен жеңген болатын.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан спортшыларының келесі қарсыласы кейінірек анықталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.