«Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері мен Алматы өңірлік гарнизонының жеке құрамы коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету бойынша іс-шараларға белсенді түрде ат салысуда. Вирус таралатын қауіпті аймақтар мен нысандарды өңдеу бойынша арнайы жасақ құрылды. Қазіргі таңда Алматы қаласының аумағы бойынша 170 гектардан астам аймақ дезинфекциялаудан өткізіліп, 60-қа жуық нысанға санитарлық өңдеу жасалды. Олар тұрғын үй кешендері, бала-бақшалар, базарлар мен ауруханалар, мектептер мен Алматы қаласының ірі даңғылдары. Коронавирусқа қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға Алматы қаласы бойынша 2000-нан астам әскери қызметшілер жұмылдырылды.Біз – Қазақстан армиясы кез келген сынақта халқымыздың қорғаны болуға дайынбыз. Біздің міндетіміз елімізді сыртқы күштерден ғана емес, осындай тосыннан келген індеттерден де қорғау болып табылады. Біз әрдайым елімізбен біргеміз және оны қорғау жолында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз»,- деді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Абубакиров Қаныш мырза.