Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден іріктеуден өтті.
Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты
Фото: gov.kz
179
оқылды

​Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында 200 метрге шалқалай жүзуден іріктеу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Ксения Игнатова қорғады. Ол іріктеуде 7-нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
​200 метрге шалқалай жүзуден финал бүгін өтеді.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.