Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында қола жүлдегер атанды
Сурет: Арлан Олжабай
536
оқылды

Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Нұрқанат қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Филиппин өкілі Алвин Батиканды 10:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, ол ұлттық құрама қоржынына кезекті қола жүлдені салды.

Айта кетейік, бұған дейін Бэлла Самашева (55 келіге дейін)  3-орын алған еді.