Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында семсерлесуден сапы сайысының бәсекелері өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Владислава Андреева 1/4 финалда Қытай өкілі Жингвен Янгтен 10:15 есебімен жол берсе, биылғы Азия чемпионы, 29 жастағы Ирина Бакалдина Сингапур спортшысы Елижах Робсон Самуэльден 14:15 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
