Өскемендегі Жастар көшесінде 10 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде жиһаздар мен жеке заттар жанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт сөндірушілер қауіпті түтін аймағынан 15 адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.
Өрт 4 шаршы метр ауданда сөндірілді. Себебі анықталуда.
ТЖМ еске салады: түтіннің иісі немесе өрттің алғашқы белгілері байқалса, дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Өрттің салдарын жоюдан гөрі оның алдын алу оңайырақ. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
