Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.
Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді
118
оқылды

25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.

Бағдарлама:

25 қыркүйек 

Халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.  Уақыты: 19:00;

26 қыркүйек 

Байқаудың конкурстық бағдарламасы. Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы. Уақыты: 17:00;

27 қыркүйек 

Фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. 

Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.

 Уақыты: 19:00.