Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.
Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында 4-орын алды
Сурет: Сали Сабиров
131
оқылды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз кермедегі жаттығудың финалында сынға түсті.

Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.

Қытайлық Тянь Хао алтын жүлдегер атанды - 14.700. Жапониялық Синноскэ Ока күміс медальға ие болды - 14.033. Ал Карлос Юло (Филиппин) үздік үштікті түйіндеді - 13.666.

Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулардың финалында күміс жүлде алған еді.