Әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Айтуға сөз таба алмай отырмын...»: Димаш сарбаздардың отбасына көңіл айтты
Фото: Қорғаныс министрлігі
117
оқылды

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі сарбаздардың ата-анасы мен жақындарына сабыр тіледі.

«Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жастағы інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын. Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені… Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін. Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын. Е Алла, құдіреті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын… Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым…», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.