Азиададағы нәтижелі күн: Қазақстан еншісінде алты жүлде
Азиададағы нәтижелі күн: Қазақстан еншісінде алты жүлде
128
оқылды

27 қыркүйекте Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары алты жүлдеге қол жеткізді. Оның екеуі – алтын, екеуі – күміс, екеуі – қола. Алайда Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесіне қатысты протест қаралып жатқандықтан, оның алтыны әзірге ресми медаль есебіне енгізілген жоқ.

Күннің алтын жүлдесін семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы жеңіп алды. Командалық шпагада Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Руслан Курбанов чемпион атанды. Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева марафондық спорттық жүрісте 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижемен мәреге бірінші келді.

Күміс жүлделерді ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Аянат Жұмағали мен 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Нора Джеруто иеленді. Аянат қоссайыста 246 келіні көтерді. Ал әртістік жүзуден Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова дуэті және батут гимнастикасынан Ерлан Тасмағамбетов қола жүлдегер атанды.

27 қыркүйек кешіндегі ресми есеп бойынша Қазақстан қоржынында 40 медаль – 9 алтын, 10 күміс және 21 қола бар. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бесінші орында келеді.