Қазақстан атынан 31 мамандық бойынша 33 колледж студенті бақ сынады
Қазақстандық студенттер әлем чемпионатынан сегіз марапатпен оралды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
198
оқылды

Қазақстан құрамасы Шанхайда өткен WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатында сегіз марапатқа ие болды. Ел қоржынына бір қола медаль, кәсіби шеберлігі үшін алты медаль және «Best of Nation» марапаты түсті.

«Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша Руслан Нестеренко қола жүлдегер атанды. Бұл бағыт WorldSkills әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген. Ал Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн»), Рамазан Нұрлан мен Денис Панин («Мехатроника») кәсіби шеберлігі үшін медаль иеленді.

«Цифрлық интерактивті медиа дизайны» бойынша сынға түскен Камила Алиева Қазақстан құрамасының үздік қатысушысына берілетін «Best of Nation» марапатын алды. 48-ші әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 мамандық бойынша 33 колледж студенті бақ сынады.