Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде өзінің қай рудан шыққанын айтып, қазақы ұлттық киіммен түскен суретін жариялады.
Оқырмандарының бірі спортшыдан руын сұраған. Сабина Алтынбекова сауалға: «Кіші жүз, Табын, Табынның ішіндегі Кедейғұл», – деп жауап берген.
Сонымен қатар волейболшы ұлттық бас киім тағып, қазақы әшекейлермен түскен суретін бөлісті.

