«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тұман: Ақмола, СҚО, Павлодар, Қостанай, ШҚО, Қарағанды облыстары және Ұлытау облысының кейбір аудандарында.
Қатты жел: Ақмола, ШҚО, Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары және Жетісу облысында. Желдің екпіні 15–20 м/с, Жетісу облысының кей жерлерінде 23–28 м/с.
Жаңбыр, найзағай: Шымкент қаласында, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында.
Үсік: солтүстік және шығыс өңірлердің жекелеген аудандарында түнде 2–3°-қа дейін.
Дауылды ескерту сақталады:
28-29 қыркүйекте Алматы облысы бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 28-29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 28 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 28 қыркүйекте күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте Абай облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының солтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
28 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. 28-30 қыркүйекте Жетісу облысы бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
