Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы әртістік жүзуден жарыстар аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 күнге жалғасқан аралас командалық бағдарламада Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша, команда 216.7961 ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.
Қазақстан құрамасы сапында Виктор Друзин, Даяна Джаманчалова, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлетцова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова, Наргиза Болатова және Ясмин Туякова өнер көрсетті.
Үш жаттығудың жалпы қорытындысы:
Қытай – 857.5084 ұпай
Жапония – 821.7404
Қазақстан – 672.6029
Бұған дейін жұптық жарыста Наргиза Болатова мен Ясмин Туякова техникалық және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша, 565.7326 ұпай жинап, қола медаль алған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
