Ведомство мәліметінше, Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде жеке құрамның бір бөлігі жағалауда қалып, тиісті оқу міндеттерін орындаған.
«Жағалауда болған»: Қорғаныс министрлігі желіде ақпарат тараған екі матрос туралы мәлімдеді
340
оқылды

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы тараған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде жеке құрамның бір бөлігі жағалауда қалып, тиісті оқу міндеттерін орындаған.

– Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды. Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Министрлік азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға және ресми мәліметтерге сүйенуге шақырды.