1/8 финалда қазақстандық жұп Гонконг өкілдері То Винтун мен То Винманға қарсы ойнады.
Азиада-2026: Қазақстандық волейболшылар жарыстың ширек финалына жолдама алды
Фото: Сали Сабиров
174
оқылды

Қазақстандық жағажай волейболшылары Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кезекті кездесуін жеңіспен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мерей Қожахмет пен Лаура Қабылбекова қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді. Екі партияда да есеп 21:19 болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының өкілдері Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.