Алматы қаласында сейсмикалық әсердің есептік қарқындылығы 3-4 балды, Қарасай ауданында 2-3 балды құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес.
Жер сілкінісінен кейін ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының комиссиясы геофизикалық, сейсмологиялық, гидрохимиялық, гидродинамикалық және басқа да бақылаулардың деректерін талдады. Мамандар болған жер сілкінісін фондық сейсмикалық белсенділіктің көріністеріне жатқызады. Алматы болжамдық полигонындағы қазіргі сейсмикалық жағдай тұрақты деп бағаланады.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.
ҚР ТЖМ СБЗҰҒО комиссиясының қазіргі бағалауынша, Алматы болжамдық полигоны аумағында жойқын жер сілкінісін күтуге негіз жоқ. Сонымен қатар мамандар сейсмикалық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, келіп түсетін деректерді талдауды жалғастыруда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
