Қазақстандық спортшы Мариам Каримнен 0,27 секундқа қалып, екінші орын алды.
Жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: Никита Басов
98
оқылды

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында Земс қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Қазақстандық спортшы Мариам Каримнен 0,27 секундқа қалып, екінші орын алды. БАӘ өкілі 54,31 секунд нәтижесімен Азия ойындарының рекордын жаңартты.

ҚР ҰОК мәліметінше, үшінші орынға Үндістан спортшысы Витья Рамрадж жайғасты. Ол да жеке рекордын жаңартып, 54,75 секунд уақыт нәтижесін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.