Президент Қазақстан өндірушілерін германиялық концерннің жеткізу тізбегімен ұштастырудың, соның ішінде тиісті сертификаттаудан өтудің маңызына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Bahn компаниялар тобының басшыларымен кездесті
128
оқылды

Мемлекет басшысы Deutsche Bahn компаниясының отандық теміржол секторын жаңғыртуға қосқан үлесін жоғары бағалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осы орайда DB Engineering & Consulting еншілес кәсіпорны мен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының жолаушылар тасымалын дамыту бағытындағы бірлескен жобасын айрықша атап өтті.

Президент Қазақстан өндірушілерін германиялық концерннің жеткізу тізбегімен ұштастырудың, соның ішінде тиісті сертификаттаудан өтудің маңызына назар аударды.

Өз кезегінде Deutsche Bahn компаниясының сатып алу жөніндегі директоры Ян Гроте концерннің Қазақстандағы жұмысы оң бағаланғанына ризашылық білдіріп, ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар кездесуге DB Cargo Eurasia GmbH жетекшісі Андреас Любс қатысты. Бүгінгі таңда Қазақстан мен DB Cargo Eurasia контейнермен жүк тасымалдау саласын дамыту бойынша әріптестік орнатты.

Қазір Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне айрықша көңіл бөліп отыр. Тараптар көлік-логистика кешенінің барлық бағыты бойынша ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады.