Полиция әлеуметтік желіге контент түсіру кезінде жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.
Жол үстінде торт әзірлеген: Түркістан облысында қауіпті видео түсірген ерлі-зайыпты жауапқа тартылды
107
оқылды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында қозғалыстағы көліктің люгінен денесін шығарып, жол үстінде торт әзірлеген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қауіпті кадр полиция назарына ілініп, тәртіп сақшылары KIA Ceed автокөлігін және оның жүргізушісін жедел анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz мәліметінше, тексеру барысында көлікті 36 жастағы ер адам – әйелдің жұбайы басқарғаны, ал 35 жастағы әйел люктен шығып, торт әзірлегені белгілі болды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған ерлі-зайыптыға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция әлеуметтік желіге контент түсіру кезінде жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды. Ведомствоның ескертуінше, әсерлі кадр үшін жасалған мұндай қауіпті әрекеттер адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.