Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Мейіржан Шермаханбет Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Шермаханбет моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті.
Отандасымыз 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Шермаханбет бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
