Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Нигерия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
112
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі, – делінген Ақорданың арнайы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.