Оның 5 млн 754,6 мың шаршы метрі көппәтерлі үйлерге, 2 млн 689,9 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлерге тиесілі.
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы 6,7%-ға өсті
26
оқылды

Қазақстанда биылғы алғашқы алты айда 8,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 8 млн 466,7 мың шаршы метр болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,7%-ға көп.

Оның 5 млн 754,6 мың шаршы метрі көппәтерлі үйлерге, 2 млн 689,9 мың шаршы метрі жеке тұрғын үйлерге тиесілі.

Пайдалануға берілген баспананың 95,5%-ын немесе 8 млн 88,2 мың шаршы метрін жеке құрылыс салушылар салған. Соның ішінде халықтың өз қаражаты есебінен тұрғызылған үйлердің жалпы ауданы 2 млн 850,3 мың шаршы метр болды. 

Сонымен қатар шілдеде Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша 37 158 мәміле тіркелді. Бұл маусыммен салыстырғанда 4,9%-ға аз.

Мәміле саны бойынша Алматы көш бастап тұр – 7 263. Астанада 6 999, Қарағанды облысында 2 688 мәміле жасалған.