Сонымен қатар Қазақстанда OpenAI қатысуымен HackAlem AI хакатоны өтеді.
Қазақ тіліндегі жасанды интеллект: Қазақстан OpenAI-мен бірлескен жобаны жалғастырып жатыр
39
оқылды

Қазақстанда жасанды интеллект жүйелерінің қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуіне қажетті контентті көбейту жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия отырысында OpenAI компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жоба қаралды.

Жобаның мақсаты – ChatGPT моделін сапалы қазақ тіліндегі контентпен толықтыру. Үкімет бұл жұмысты мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейтудің маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады. 

Сонымен қатар Қазақстанда OpenAI қатысуымен HackAlem AI хакатоны өтеді. Оған Қазақстаннан және шетелден әзірлеушілер, студенттер, жас мамандар мен IT саласының өкілдері қатыса алады.

Қатысушыларға өз шешімдерін әзірлеу үшін OpenAI-дың жалпы құны 1 миллион долларға дейінгі технологиялық ресурстарын пайдалану мүмкіндігі беріледі. Жеңімпаздарға қосымша 100 мың доллар көлеміндегі API-токендер қарастырылған. Хакатонның ақшалай жүлде қоры да 100 мың долларды құрайды.