Қазақстанда жылдық инфляция тамыз айының қорытындысында 9,8%-ға дейін төмендеді.
Қазақстанда инфляция 11 ай қатарынан баяулады
27
оқылды

Бағаның жылдық өсу қарқыны осымен 11 ай қатарынан баяулап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін төмендеген. Инфляцияның баяулауына теңге бағамының нығаюы, тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы, ақша-кредит саясаты және Үкіметпен бірлескен шаралар ықпал еткен. 

Осы жағдайды ескере отырып, Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті 4 қыркүйекте базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті.

Алайда реттеуші инфляцияға әсер ететін тәуекелдер толық жойылмағанын атап отыр. Сондықтан ақша-кредит шарттары әлі де ұстамды қатаң деңгейде сақталады.

Ұлттық банктің негізгі мақсаты – инфляцияның орнықты төмендеуін қамтамасыз ету және орта мерзімді кезеңде оны 5% нысаналы деңгейге жеткізу.