Белдесуде Жапония өкілі басымдық танытып, жеңімпаз атанды.
Ажар Асхат дзюдодан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
144
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Асхат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде жапониялық Рин Маедамен кездесті.

Белдесуде Жапония өкілі басымдық танытып, жеңімпаз атанды.

Ал Ажар Асхат жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Елдос Сметов (60 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) күміс алған еді.