Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаңа тәртіп пилоттық жоба аясында енгізілді және әлеуметтік төлем алу құқығы 2026 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған азаматтарға қолданылады.
Төлем мерзімі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Жүйеге 6 айдан 12 айға дейін қатысқан азамат төлемді 1 ай, 12 айдан 24 айға дейін қатысқан адам 2 ай алады. Ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 24 ай және одан көп қатысқандарға төлем 3 айға тағайындалады.
Сонымен бірге төлемнің ең жоғары мөлшеріне шектеу енгізілді. Ол төлем алу құқығы пайда болған кездегі 7 ең төменгі жалақының 45%-нан аспайды. Ал әр азамат алатын нақты сома соңғы 24 айдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс пен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзіміне қарай есептеледі.
Төлем алу үшін азамат алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі керек. Мұны тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы, eGov.kz немесе Enbek.kz арқылы жасауға болады.
