Жыл ішінде базалық шегерім 360 АЕК-тен, яғни 1 557 000 теңгеден аспайды.
Жалақыдан ұсталатын салық қалай азайғаны белгілі болды
251
оқылды

2026 жылдан бастап Қазақстанда жалақыдан жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылатын базалық шегерім айына 30 АЕК-ке дейін өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл бұл – 129 750 теңге. Бұған дейін стандартты шегерім 14 АЕК болатын.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 30 АЕК жалақының өзінен алынатын салық емес, ЖТС есептеген кезде табыстан шегерілетін сома. Сондықтан жаңа тәртіп жұмыс істейтін азаматтардың бір бөлігінің қолына алатын ақшасын көбейтеді. Жыл ішінде базалық шегерім 360 АЕК-тен, яғни 1 557 000 теңгеден аспайды.

Сонымен бірге 2026 жылдан ЖТС-тың прогрессивті шкаласы енгізілді. Жылдық табыстың 8 500 АЕК-ке дейінгі бөлігіне 10%, одан асқан бөлігіне 15% мөлшерлеме қолданылады. Яғни, 15% салық адамның бүкіл табысына емес, белгіленген шектен асқан бөлігіне ғана салынады.

Базалық шегерім бір салық агентінде қолданылады. Оны пайдалану үшін қызметкер жұмыс берушіге өтініш береді.