Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова күрестен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты.
Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды.
Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұл – Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
