Әнші Ердос Қанаев коучтарды сынға алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде отбасы мәселесіне қатысты пікірін жариялады. Ол коучтрға сеніп, ажырасып жатқан әйелдер мен ер азаматтардың өміріне алаңдаушылық білдірген.
“Қолымда билік болса, коучсымақтар мен данышпансымақтардың сөзіне сеніп, ажырасып жатқан, сөйтіп бала-шағасын асырай алмай, бақытсыз болып жүрген әйелдердің бала-шағасын асырауды солардың мойнына жүктер едім. Әйелінен айырылған еркектің ендігі үйленетін тойын, қызға берер қалыңмалын – бәрін солардың мойнына жүктер едім. Бәріне топырақ шашпаймын. Алла және Пайғамбар сызып берген шеңберді бұзу – ауыр іс. Қияметте жауап бересіңдер”, – деді Ердос Қанаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
