Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды.
Жасанды интеллект – жаңа дәуірдің келбеті
123
оқылды

Мемлекет басшысы жасанды интеллект жаңа цифрлық дәуір­де бәсекеге қабілеттілікті ай­­қындайтын басты фак­тор­лар­дың біріне айналғанын атап өт­ті.

– БҰҰ-ның Өнеркәсіптің да­муы туралы 2026 жылғы есе­біне сәйкес, ЖИ әлем эко­но­ми­ка­сының келбетін өзгертетін бес трансформациялық мегатренд­тің бірі ретінде танылды. Соңғы бес жылда жасанды интел­лек­ті­мен байланысты патенттердің үлесі шамамен үш есе өскен. Бұл ір­гелі технологиялық өзгеріс­тер­ді байқатады. Енді табиғи ре­сурстар және капитал мен на­рық үшін ғана емес, өндіріс тиім­ділігі үшін де бәсекелестік қы­за түсті. Қазақстан осы мүм­кін­діктерді қалт жібермеуі қа­жет. Басты міндет – еңбек өнім­ді­лігін арттыру, технологиялық жаңғыруды жеделдету және қо­сылған құны жоғары өнім өн­діруді кеңейту. Осы жұмыс­тар­ды атқаруда жасанды интеллект негізгі құралдардың бірі болу­ға тиіс, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жыл­ға дейінгі Digital Kazakhstan ст­ратегиясы аясында нақты эко­номикалық нәтижеге қол жет­кізуді көздейтін жасанды интеллектінің ұлттық кешенді эко­жүйесі түзіліп жатқанына тоқ­талды.

– Биылғы сегіз айда өнеркә­сіп­тік өндіріс көлемі 46 триллион теңгеге жуықтады. Өңдеу өнер­кәсібі былтырғы осы мер­зім­мен салыстырғанда 8,4 пайыз­ға өсті. Дегенмен экономикалық өсім­нің жоғары қарқынын сақтау үшін еңбек өнімділігін арттырып, өнеркәсіп базасын жаң­ғыр­туға және қосылған құны жо­ғары өнім өндіруге мән беру қа­жет. Бұл мақсатқа жетуде жа­сан­ды интеллектінің атқаратын рөлі айрықша. ЖИ-дің шынайы құндылығы сол – адам әлеуетін кү­шейтеді. Яғни ЖИ инженер­лер­ге нақты қадамдар жасауға, жұмыс тиімділігін ұлғайтуға, бас­шылыққа қажет кезінде дереу талдау деректеріне сүйеніп, же­дел әрі дұрыс шешім қабыл­дау­ға мүмкіндік береді. Өнеркә­сіп­тегі саясатымыз осы қағидат­қа негізделген, – деді Мемлекет басшысы.

Содан кейін Президент бір­қа­тар басты міндеттерді атады.

– Бізге жасанды интеллектіні пай­далана отырып, өндірістік үде­рістерді кешенді түрде трансформациялау қажет. Қазіргі кез­де көптеген кәсіпорында цифр­ландыру жұмыстары ша­шы­раңқы жүргізіліп жатыр. Же­келеген операцияларды ав­то­маттандырып, жаңа қыз­мет­терді енгізгенімізге қара­мастан, өн­діріс моделі көп жағдайда өз­геріссіз қалады. Мұндай тәсіл өзін өзі ақтамайды. Кәсіпорын­дар бүкіл өндіріс тізбегін қайта қа­рап, қай тұста ЖИ көмегімен тиім­ділікті барынша арттыруға бо­латынын айқындауы керек. Үкі­мет «Самұрық-Қазына» қо­ры­­мен бірлесіп, негізгі бизнес-үдерістері жасанды интеллект арқылы жан-жақты трансфор­мацияға ұшырайтын кәсіпорын­дар­ды анықтағаны жөн. Жаңа тех­нологиялар өндірісті басқару жүйе­сіне тікелей кірігуге тиіс. Ана­ғұрлым сәтті модельдерді бү­кіл ел аумағында таратуға бола­ды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өн­діріс­тік Deep-Tech жобаларды іл­герілету және мықты техно­ло­гия­лық командалар жасақтау өте маңызды деп санайды. Оның айтуынша, индустриялық міндеттерді орындайтын мұндай команда құрамына ғылыми қауым­дастық, технологиялық ком­­паниялар мен стартаптар эко­­жүйесінің өкілдері енуі қа­жет.

Президенттің пікірінше, AI-Sana бағдарламасы өндірістегі нақты міндеттермен тығыз байланысты болғаны жөн. Дарынды жастар экономиканы жаңғырту ісінде тәжірибе жинақтауы керек. Үкіметке жасанды интеллектіні өнер­кәсіпте пайдалану міндетте­рін шешудің бірыңғай механизмін құру жөнінде тапсырма берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев тек­се­ріл­ген шешімдерді жаппай тара­ту­дың анық әрі оңтайлы тетікте­рін құру қажеттігіне назар аударды.

– Көптеген перспективті ше­шім­дер пилоттық жоба сатысынан сәтті өткенімен, қосымша ке­­­­­лісулер, қайталама сынақтар, күр­делі сатып алу үдерістері мен заң­намалық шектеулер салдарынан аяқсыз қалады. Бұл кәсіп­орын­дардың пайда табуына және әзірлеушілердің нарықта жол та­буына кедергі келтіреді. Тиімді тәсілдерді коммерцияландыру­дың айқын тетігі болуы керек. Оны өндірістік жағдайы ұқсас кә­сіпорындарда қайта сынақтан өткізудің қажеті жоқ. Ұтымды отан­дық шешімдерге де баса назар аударған дұрыс, – деді Мемле­кет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, жоғары сапалы өндірістік мә­ліметтер болмаса, жасанды ин­теллектіні тиімді қолдану мүм­кін емес. Ол кәсіпорындар өн­ді­ріс­тік мәліметтердің мол қорын жи­нақтағанымен, сапасы әркелкі әрі шашыраңқы күйде қалып отыр­ғанын айтты. Мұндай дерек­тердің көбі жасанды интеллект жүйе­лерінде қолдануға жарамсыз.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы Қазақстан жасанды ин­тел­лектіні дамытуға берік негіз қа­лағанын айтты. Ендігі міндет – осы әлеуетті экономикалық игілікке айналдыру.

Қасым-Жомарт Тоқаев жа­қын­да Президент Трамп пен ірі тех­нологиялық компаниялар бас­шылары қол қойған жасанды интеллектінің озық технологияларын қауіпсіз әрі жауапкер­ші­лік­пен дамыту туралы ерікті ке­лісімнің стратегиялық салмағына назар аударды.

– Дер кезінде көтерілген осы маңыз­ды бастаманы құптаймын. Жа­санды интеллектіге қатысты қауіп-қатерлер ешқандай ше­ка­ра­ға бағынбайтынын бәрі тү­сіне­ді. Сондықтан мемлекеттер мен бизнес қауымдастық тарапынан үй­лесімді әрекет қажет. Вашингтонда қол қойылған келісімді сарапшылар мұқият зерделеген соң мүдделі мемлекеттер жасанды интеллект саласын жаһандық деңгейде реттейтін үлгі ретінде қарастыруына болады. «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы ха­лық­аралық келісімге негіз болуға лайық деп ойлаймын. Қазақстан жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды қолдайды. Осы орайда аталған мә­селе бойынша сындарлы ха­лық­аралық диалог жүргізуге алаң ұсына аламыз. Кеңес іс жүзінде маңызды екенін көрсетті. Сон­дық­тан Кеңес мүшелерінен қыс­қа мерзім ішінде Қазақстанның осы салаға қатысты халықаралық бастамасына нақты ұсыныс беру­ді сұраймын. Ортақ ұстаным биыл желтоқсан айында Майамиде өтетін G20 саммитінде та­ныс­тырылады, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы қолдан­ба­лы ғылымды күшейтуге үндеді. Ол Кеңестің осыған дейінгі оты­ры­сында ЖИ саласына маман­данған зерттеу университетін құру туралы шешім қабылдан­ға­нын еске салды.

– Qazaq AI Research University жо­ғары санатты мамандар даяр­лай­тын орталық қана емес, қол­дан­балы зерттеулер жүргізілетін же­текші алаңдардың бірі болуға тиіс. Оның бүкіл ғылыми-зерттеу бағ­дарламасы экономикалық да­мудың нақты қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Бұл үшін өнер­кә­сіп саласындағы жасанды ин­тел­лектіге қатысты өзекті мін­дет­тер тізімін жаңартып отырамыз. Атал­ған істе бюрократияға жол беру­ге болмайды. Мұндай мін­дет­­терді өндірістің алдыңғы ше­бінде жүрген инженерлер, техно­логтар, шеберлер мен операторлар анық­тауы қажет. Қай жерде шы­ғын ба­рын, қандай құрылғы тоқ­тап тұр­ғанын, қай тұста ол­қылықтар орын алып, қатерлер пайда бол­ға­нын осы мамандар біледі. Осы­лай­ша, басшылық өн­дірістегі проб­лемадан жан-жақ­ты хабардар болады. Ал бұл, өз кезегінде, жа­санды интеллек­тіні қай жерде, қа­лай пайдалану жолын бел­гі­леу­ге көмектеседі. Qazaq AI Research University, сон­дай-ақ басқа да уни­­верси­тет­тер мен ғылыми-зерт­­теу инс­ти­туттары осы тізім­ді бас­шылыққа алуға тиіс. Сонда ға­на ғылым мен өндіріс арасында ті­келей байланыс орнайды. Үкі­метке ұлттық ком­паниялармен жә­не жеке биз­неспен бір­ге ин­дуст­риядағы өзекті ЖИ-міндет­терді айқындау және ұдайы жаңар­ту тәртібін әзір­леуді тап­сыра­мын, – деді Президент.

Бұдан бөлек, Президент Sinovation Ventures және 01.ai ком­панияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кай-Фу сарапшы ретінде Қазақ­стан­ның жасанды интеллект пен цифр­­лық трансформацияны да­мыту бағытындағы ұстанымдарын қалыптастыруға зор үлес қосқа­нын атап өтті.

Мемлекет басшысы Үкімет Ли Кай-Фудың ұсынымдарына жә­­не озық халықаралық тәжіри­бе­ге сүйене отырып, орта білім беру жүйесіне жасанды интел­лек­тіні енгізу жобасын іске асыруға кіріскенін айтты. Кездесуде Мем­ле­кет басшысына жасанды интеллект және цифр­лық трансфор­мация саласын­дағы бірқатар бас­­тама таныстырылды.