Мемлекет басшысының өкімдерімен Қорғаныс министрлігінің бірқатар жоғары лауазымды әскери қызметшісі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
