Қазақстанда жұмыс беруші жалақыны белгіленген мерзімде төлемесе, қызметкерге берешекпен бірге әр кешіккен күн үшін өсімпұл төлеуге міндетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жалақы айына кемінде бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуге тиіс. Нақты төлем күні еңбек немесе ұжымдық шартта көрсетіледі. Егер жалақы берілетін күн демалыс немесе мереке күніне түссе, ақша одан бұрын төленуі керек.
Жалақы кешіккен жағдайда жұмыс беруші берешекті ғана емес, өсімпұлды да төлейді. Ол төлем жасалуға тиіс күннен кейінгі күннен бастап, ақша нақты төленген күнді қоса алғанда әр күнтізбелік күнге есептеледі. Өсімпұл мөлшерін есептегенде берешек өтелген күндегі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшері қолданылады.
Мысалы, ресми түсіндірмеде 300 мың теңге жалақы 10 күнге кешіктіріліп, базалық мөлшерлеме 16,25% болған жағдайда өсімпұл шамамен 1 670 теңге болатыны көрсетілген. Яғни қызметкерге 301 670 теңге төленуге тиіс.
Жалақы уақытында берілмесе, қызметкер алдымен жұмыс берушіден берешекті өтеуді талап ете алады. Мәселе шешілмеген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясына, оның ішінде e-Өтініш
