Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері жапониялық Рюдзю Нагаяманы жеңді.
Қазақстандық дзюдошы атақты жапон спортшысын ұтып, Әлем чемпионатының финалына шықты
242
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері жапониялық Рюдзю Нагаяманы жеңді.

Осылайша Шерзод Давлатов әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды.