Қазақстан Азиада жүлдегерлеріне 383 млн теңгеден астам сыйақы төлейді
Қазақстан Азиада жүлдегерлеріне 383 млн теңгеден астам сыйақы төлейді
220
оқылды

Қазақстан Азиада-2026 ойындарында жүлде алған спортшылар мен олардың бапкерлеріне жалпы 855 мың доллар немесе шамамен 383,3 млн теңге сыйақы төлейді.

Спортшыларға алтын медаль үшін – 10 мың доллар, күміске – 5 мың, қолаға – 3 мың доллар қарастырылған. Бапкерлер де тиісінше 5 мың, 3 мың және 2 мың доллар көлемінде сыйақы алады. 

Есеп бойынша спортшыларға жалпы 545 мың доллар (244,3 млн теңге), ал бапкерлерге 310 мың доллар (139 млн теңгеге жуық) төленеді. Командалық спорт түрлерінде әр спортшыға толық көлемдегі сыйақы беріледі.