Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Абай облысында ТЖД бастығы жаңадан тағайындалды
139
оқылды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Отарғалымұлы Еркін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  

Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2002 жылы бастады. Қызмет жылдарында мемлекеттік өрт бақылауы, ақпараттық-талдау жұмысы және төтенше жағдайлардың алдын алу салаларында түрлі лауазымдарды атқарды.

Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Астана және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінде қызмет атқарды.

2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қазанға дейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.