Өнер иесі отбасы мен бала-шағаны әлеуметтік желідегі қаралым үшін пайдаланбауға кеңес берді.
«Отбасыңды талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева блогерлерді сынға алды (видео)
Фото: әлеуметтік желі
260
оқылды

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева отбасылық өмірді әлеуметтік желіде көрсетпеуге шақырды, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі отбасы мен бала-шағаны әлеуметтік желідегі қаралым үшін пайдаланбауға кеңес берді. Сонымен қатар қазір әлеуметтік желіде өзін бақытты етіп көрсетіп, шынайы өмірін жасыру белең алғанын жеткізді.

«Отбасыңды, бала-шағаңды әлеуметтік желіде талан-таражға салуға болмайды. Охват үшін, реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды. Күні кеше құрбымнан бір отбасыны «Ажырасқан ба?» деп сұрасам, «Жоқ, хайп үшін ғой» деп айтты. Бір-екі отбасында дау-дамай болып жатқанын көріп жатырмыз. Олар осыған дейін әлеуметтік желіде қандай контенттер түсіріп еді?! Бақытты, сүйікті жар ретінде көрініп. Сондықтан отбасыңды әлеуметтік желідегі қаралым үшін пайдалануға болмайды. Бақыт тыныштықты жақсы көреді», – деді әнші.

Желі қолданушылары бұл пікірге қолдау білдіріп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.