Желі қолданушылары әнші мен келінінің қарым-қатынасына сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)
Фото: әлеуметтік желі
255
оқылды

Әнші Жазира Байырбекованың келінімен бірге түскен видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желідегі бұл көрініс оқырмандардың назарын аударды. Әнші бейнежазбада табиғат аясында, қыздардың жанында ән салып тұрғанын көруге болады. Оның ішінде келіні де бар.

«Арулармен бірге түсірген әдемі видеомызды сіздер де қайталап көріңіздер! Құрбыларыңызбен, сіңлілеріңізбен, қыздарыңызбен бірге түсіріп, бізді белгілеп қойыңыздар. Әдемі сәттеріңізді бірге бөлісейік! Гүлдей жайнап, әрдайым ару болып жүріңіздер!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әнші мен келінінің қарым-қатынасына сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Қызыңыз сияқты, келініңіз емес, келініңізді қызыңыздай көреді екенсіз», «Өзі де, келіні де өте сұлу», «Келін – ененің топырағынан дегендей, келініңіз өзіңізге қатты ұқсайды екен», – деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.