Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар) Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі.
Тұман Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында күтіледі.
Үсік Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
