Бұл туралы Ақорда жазды.
Тоқаев 8-9 қазанда Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады
156
оқылды

8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.