Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Желі қолданушысы актрисадан сымбатты қалпын қалай сақтайтынын сұраған. Өнер иесі арнайы диета ұстамайтынын айтты. Бірақ тағамды талғап тұтынатынын жасырмады. Сонымен қатар үнемі қозғалыста болуды жөн көретінін атап өтті.
«Мен ешқашан арнайы диета ұстанған емеспін, калория санап та көрмеппін. Бірақ алдыма келгеннің бәрін жей бермеймін. Артық мөлшер тұрмақ, тыңқия тойып тамақтанбаймын. Аз-аздан, бірақ қалағанымды жей беремін. Сонымен қатар дәрумендерді үнемі үзбей қабылдаймын. Ең алдымен, бұл қозғалысқа байланысты деп ойлаймын. Мен өзіме ұзақ уақыт ұйықтауға ешқашан жол берген емеспін. Спортпен тұрақты айналыспасам да, жұмысымның арқасында үнемі қозғалыста жүремін. Келесі айдың әр күні алдын ала жоспарланғанын жақсы көремін. Ертең не істеймін деп ойлап жүргенді ұнатпаймын», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
