Әнші Ерке Есмахан Селин Дионның Париждегі концертіне барды, - деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ерке Есмахан концерттен ерекше әсер алғанын жеткізіп, жолдасына алғыс айтты.
“Paris. 2026. Plenitude Arena. Celine Dion. Еуропадағы ең маңызды, тіпті тарихи оқиға! Селинді көзбен көріп, тірідей тыңдағаныма қуаныштымын! Осы жерде болғаныма бақыттымын! Шүкір! Селин Дион ауырып, ән салмай кеткен еді. 6 жылдық үзілістен соң үлкен турын Парижде жасап жатыр. Legend! RaiM, барлығы үшін рахмет!” – деп жазды Ерке Есмахан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
