Құрылтай Спикері Айбек Дәде­бай­дың төрағалығымен өткен бюро оты­рысында Құрылтайдың алдағы оты­рысының күн тәртібі белгіленді. Депу­таттардың қарауына 2027-2029 жыл­дарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы және «Қа­зақстан Республикасының мем­ле­кет­тік наградалары туралы» заңға ен­гізі­ле­тін түзетулер шығарылады.
Құрылтай республикалық бюджет жобасын қарайды
100
оқылды

Құрылтайдың алдағы отырысында «2027-2029 жылдарға арналған рес­публикалық бюджет туралы» заң жоба­сы бірінші оқылымда қаралады. Құ­жат Мемлекет басшысы алға қой­ған негізгі міндеттерді іске асыруға: макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, барлық әлеуметтік міндет­те­мені орындауға және инфрақұры­лым­ды озық түрде дамытуға бағдар­лан­ған. 

Жобаға сәйкес, алдағы ортамер­зім­ді кезеңде ЖІӨ-нің орташа өсу қар­­­қыны 5,4% деп болжанады. Жыл­дық инфляцияның 2027 жылдағы ны­­­­саналы дәлізі 7,5-9,5% деңгейінде, 2029 жылға қарай 6%-ға дейін төмен­дей­ді деп айқындалды. Осы уақытқа дейін республикалық бюджет тапшы­лы­ғын ЖІӨ-ге шаққанда 0,4%-ға дейін қысқарту (1 трлн теңге), ал өз тү­сімдерін 23,4 трлн теңгеге дейін ұл­ғайту жоспарланып отыр. Келесі жы­лы шығыстардың негізгі бағдары ада­ми капиталға инвестициялар салу, өңір­лерді қолдау, экономиканың нақ­ты секторы және басқа да бағыттарды қамтиды.

Сонымен қатар «Қазақстан Рес­пуб­л­икасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға өзгерістер мен то­лықтырулар жобасы екінші оқы­лым­да қаралады. Түзетулерге Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Құрылтай депутаттары бастамашы болды. Заң аясында му­зыка және бейнелеу өнері са­ла­сын­дағы екі жаңа ерекшелік белгісі – «Шәмші Қалдаяқов» медалін және «Қа­зақстанның еңбек сіңірген сурет­шісі» құрметті атағын енгізу көзделген.