Дастан Сәтпаев бір айдан кейін алаңға оралуы мүмкін
Дастан Сәтпаев «Уотфордқа» қарсы матчтың құрамына енді
95
оқылды

Бүгін Англия Чемпионшипінің 9-турында «Бернли» сырт алаңда «Уотфордпен» кездеседі. Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев матчты қосалқы құрамда бастайды.

Сәтпаев соңғы рет 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы ойында (1:1) алаңға шыққан. Сол кездесуде жарақат алып, содан бері матчтарға қатыспаған.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.