Қазіргі уақытта полиция әрекетіне қатысты 24 іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Францияда студенттердің жаппай наразылығы: 200 адам жарақат алып, 6800-ден астамы ұсталды
REUTERS/Pedro Nunes
172
оқылды

Францияда білім беру жағдайын жақсартуды талап еткен оқушылар мен студенттердің наразылық акциялары екі аптадан астам уақыттан бері жалғасып жатыр.

Reuters мәліметінше, қақтығыстар кезінде шамамен 200 оқушы мен 700 полиция қызметкері жарақат алған. 6877 адам ұсталған, олардың басым бөлігі – кәмелетке толмағандар.

Полицияның күш қолдануы салдарынан бірнеше жасөспірім ауыр жарақат алған. Атап айтқанда, 14 жастағы баланың жақ сүйегі сынған, ал 15 жастағы оқушы бір қолынан айырылған.

Қазіргі уақытта полиция әрекетіне қатысты 24 іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғаушылар резеңке оқтар мен арнайы гранаталарды қолдануға тыйым салуды талап етуде. Ал полиция өкілдері мұндай құралдар тәртіпсіздіктер кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет екенін мәлімдеді.