Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтағаннан кейінгі алғашқы кездесуінде Лионель Месси екі гол соқты.
«Интер Майами» MLS тұрақты чемпионатында «Ди Си Юнайтедті» өз алаңында 4:0 есебімен жеңді.
Кездесуде Луис Суарес 3 және 39-минуттарда, ал Месси 47 және 60-минуттарда мергендік танытты.
Осы жеңістің арқасында «Интер Майами» бес матчқа созылған жеңіссіз сериясын тоқтатып, Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді.
Мессидің биылғы MLS маусымындағы голдарының саны 23-ке жетті.
