Трамп Украина мен Ресей арасында энергетикалық бітім жариялады
Трамп Украина мен Ресей арасында энергетикалық бітім жариялады
170
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қазанда Украина мен Ресей энергетикалық нысандарға шабуылдарды тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Осы сәттен бастап Ресей мен Украина арасындағы соғыста энергетикалық бітім күшіне енеді. Екі тарап та келісті. Оны бұзбаңыздар!» – деді Трамп.

Әзірге Украина мен Ресей билігі бұл келісімнің шарттарын жеке растағаны туралы ақпарат жоқ.