Қазақстандық танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Ұлыбритания астанасы Лондонда жүр. Өнер иесі әлемге әйгілі Abbey Road дыбыс жазу студиясының алдында түскен суреттерін Instagram парақшасында жариялады.
Abbey Road – әлемдегі ең танымал дыбыс жазу студияларының бірі. Мұнда аты аңызға айналған The Beatles тобы көптеген әндерін жазған. Сондай-ақ студияда Pink Floyd, Adele және басқа да әлемдік жұлдыздар жұмыс істеген.
Мейрамбектің жазбасына белгілі әнші Сәкен Майғазиев пікір қалдырды.
«Ғажап! Тарихтың жарқын парақтары жазылып жатқанына бек қуаныштымын, досым!» – деп жазды ол.
